Литва Моника Линкитеге үміт артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Литва Моника Линкитеге үміт артады

24.07.2014
Литва Моника Линкитеге үміт артады

Литвалық қатысушы Моника Линките музыкалық мектептің фортепиано сыныбында  білім алған. Қазір Вильнюс университетінің заң факультетінде тәлім алуда.

Моника үшін отбасы – бүкіл әлем. «Отбасым мен ағам басқа қалада өмір сүреді. Бірақ, демалыс уақытында бәріміз үйде жиналып, таңғы асымызды бірге ішеміз», - дейді ол.

Бос уақытында достарымен қыдырғанды, кітап оқығанды ұнатады екен. «Менің ең сүйікті кітабым – «Кішкентай ханзада», бұл кітапты 7 рет оқығанмын», - дейді Моника Линките.

Моника байқаудың алғашқы күні 13-ші нөмірмен қатысады.

Хабарламаларға жазылу