Қанат Мусин осы реформалардан кейін қазақстандықтар Парламент Мәжілісі депутаттарының 30 пайызын тікелей дауыс беру арқылы сайлайтынын айтты. Қалған 70 пайызы партиялық негізде сайланады. Сонымен қатар депутат сайлауалды уәдесі мен міндетін орындамаған жағдайда сайлаушылар даусын кері қайтарып ала алады. Парламент халықпен тікелей жұмыс істейтін орган болуы тиіс. Бірақ соңғы жылдары бұл функция әлсіреп кеткеннен кейін, қосымша алаңдар құруға тура келді. Ұлттық Құрылтай сондай институционалды алаңға айналмақ.
Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: