Өскеменде 20 көшенің атауы өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде 20 көшенің атауы өзгеруі мүмкін

25.04.2022

Өскеменде 20-ға жуық көшенің аты өзгеруі мүмкін. Қалалық онамастика комиссиясына белсенді азаматтар мен қоғамдық ұйым өкілдері ұсыныс жасаған. Көпшілік Оралхан Бөкей, Латиф Хамиди, Әбілхан Қастеев, Жақсылық Үшкемпіров, Герольд Бельгер сияқты елімізге еңбегі сіңген тұлғалар мен «Жетісу», «Үшарал», «Шыңғыстау», «Өркен» тәріздес жалпы атауларды беруді ұсынған. Қалалық онамастика комиссиясы бұл мәселе бойынша әуелі қоғамдық тыңдау өткізіп, одан соң мәслихатта талқыланатынын хабарлады. Жалпы Өскеменде ірілі-ұсақты 900-ге жуық көше-даңғыл болса, бүгінде олардың 60-70 пайызы әлі Кеңестік кезеңдегі атауларға ие.

Хабарламаларға жазылу