Президент маңғыстаулық сарбаздың қаза болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент маңғыстаулық сарбаздың қаза болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтты

25.04.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. 23-сәуірде Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығына енді ғана келген 18 жастағы борышын өтеуші кенеттен көз жұмған еді. Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауы тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті. Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

Хабарламаларға жазылу