Талдықорғандағы модульдік инфекциялық ауруханадан коронавирус жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты. Өкпесінің 50 пайызы қабынған Шолпан Өскенбаева жансақтау бөлімінде 5 күн жатып, дәрігерлердің арқасында аман қалды. Пандемия кезінде жедел тұрғызылған емдеу мекемесі 4 мыңнан астам сырқатты қабылдап, емдеп шығарды. Олардың төрттен бір бөлігі аса ауыр жағдайда түскен. Бұдан былай аурухана өзге де инфекциялық ауруларды емдейді, әрі бір бөлігінде балалалар бөлімі ашылады.
Шолпан Өскенбаева, қала тұрғыны:
Ол кісілерге алғысым шексіз. Сол күннен бастап міне 16-шы күн. Мықты дәрігерлер деп айтсам болады.
Қуат Әбітаев, реанимация бөлімінің меңгерушісі:
Осы инфекциялық аурухана ары қарай жұмысын жалғастырады. Бұл жұмыс біздің алдағы уақытта жалпы инфекциялық ауруларға толығымен дайындық үстінде.
Қуаныш Қанатұлы