Ресей сыртқы істер министрі ядролық соғыс қаупі бар екенін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей сыртқы істер министрі ядролық соғыс қаупі бар екенін мәлімдеді

26.04.2022

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ядролық соғыс қаупі бар екенін мәлімдеді. Дипломат мұны елдің Бірінші арнасына берген сұхбатында айтты. Лавров батыс елдері Украинаға әскер жіберсе, бұл қадам үшінші дүниежүзілік соғысқа апаруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бірақ соғысқа жол бермеу қажеттігін айтты. Министрдің сөзінше, Украина мен Ресейдің мәмілеге келуіне Батыс елдері мүмкіндік бермей отырған тәрізді. «АҚШ пен Ұлыбритания Зеленскийге келіссөздерді жеделдетпей, өз ұстанымын қатаңдату туралы кеңес беріп отыр», - деп мәлімдеді Лавров. Дипломат өз сөзін «әр қарулы қақтығыс қандай да бір келісіммен аяқталады», - деп қорытындылады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу