Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желіде тараған атыс бейнекадрлары туралы ақпар берді. Қайғылы оқиға қаңтардың 5-нен 6-сына қараған түні Тараз қаласында болған. Қарулы адамдар қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген. Қорғаныс кезінде департаменттің бөлім бастығына оқ тиіп, қаза тапқан. Қазір осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Берік Көшербай