Павлодар облысында 40 бас жылқыны айдап кеткен қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 40 бас жылқыны айдап кеткен қылмыстық топ ұсталды

26.04.2022

Павлодар облысында мал ұрлауды кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталды. Олар жол талғамайтын көліктермен 40 бас жылқыны Семейден айдап келген. Бұл әрекеттері арнайы операция барысында дронға түсірілген. Дәлел жеткілікті болғандықтан сот бірден «қамауға алып бұлтартпау» шарасын қолданды. Қылмыстық істі Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бірлесіп тергеп жатыр.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу