Түркияның Бурса шаһарында бір моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Бурса шаһарында бір моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

26.04.2022

Түркияның Ыстамбұл қаласынан 200 шақырым жердегі Бурса шаһарында бір моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты. Тұрғын үйлердің арасына түскен әуе кемесінде отырған екі экипаж мүшесі де оқиға орнында жан тәсілім етті. Олар аға ұшқыш пен оның шәкірті екені белгілі болды. Бурса қаласындағы Юнуселі әуежайынан оқу-тәжірибе мақсатында ұшып шыққан, шағын ұшақпен көп ұзамай байланыс үзіліп, сол маңдағы тұрғын үйлердің жанына құлаған. Қазір Анкарадан арнайы барған тергеу тобы, әуе кемесінің неден апатқа ұшырағанын анықтап жатыр.

Якуб Жанболат, Бурса облысының губернаторы:

Ұшақ көшеде тұрған екі автомобильдің үстіне түскен. Бірден өрт басталды. Алдын-ала болжам бойынша ұшақ алдымен үйдің шатырына соғылып, содан кейін жерге құлапты. Екі көлік пен екі үйге зарар келді. Ұшақ уақтылы техникалық тексеруден өткен, деп отыр мамандар. Қазір арнайы сарапшылар апаттың нақты себебін анықтап жатыр.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу