Қызылордада Сырдарияның үстімен өтетін көпірден секірген оқушы қыз құтқарылды. Оқыс жағдай кеше кешкілік болған. Оқиға куәгерлері құтқарушылар келем дегенше шұғыл көмек көрсетіп, жасөспірімді судан алып шыққан. Өзен тартылып қалғандықтан, ол суға батпаған. Жоғары биіктіктен құлаған 14 жастағы қыз бала алған дене жарақатынан ес-түссіз ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда өміріне қауіп жоқ, дейді дәрігерлер. Ал полиция оқушының мұндай әрекетке баруының мән-жайын анықтауға кірісті.