Жетісулық әнші, бишілер Талдықорғанда бас қосып, Республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдығына тамаша тарту жасады. Елге естен кетпес концерт ұйымдастырған өнерлі қариялардың ең жасы 50-де болса, үлкені 90-ға таяған. Бірі ән шырқаса, енді бірі жұптасып би биледі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ