Ресей армиясы Украинаның шығысындағы Луганск және Донецк облыстарын алуға әрекеттеніп жатыр. Бұл аймақтарда соңғы тәулікте кескілескен шайқас тіпті күшейді.
Ресми Киевтің мәлімдеуінше, Украина қарулы күштері қарсы жақтың майдан шебін бұзуына мүмкіндік бермей, қорғанысты сәтті ұстап тұр. Сонымен қатар, Ресей әскері Запарожье, Херсон облыстарына да шабуыл жасауға тырысқан. Запарожьеде Ресейдің соққысынан бір кәсіпорын қираса, Одесса облысында автомобиль-теміржол көпірі құлады.
НАТО мен ЕО Украинаға ауыр қару бермек
Ал, Германияның Рамштейн әскери базасында 40 елдің қорғаныс министрлері бас қосты. Оның негізгі қорытындысы сол – Германия Украинаға көмекке «Гепард» деген 50 танкісін жөнелтетін болды. Ол ұшаққа қарсы зымырандармен жабдықталған. Ал, Нидерланды Киевке гаубицаларын аттандырмақ.
Жиында НАТО мен Еуропа одағының өзге мемлекеттері де Украинаны әрі қарай қаруландыруға уағдаласты. Ал, Британия Батыс державаларын әскери ұшақтар ұсынуға үндемек.
Лиз Трасс, Ұлыбритания сыртқы істер министрі:
Ұзақ уақыт бойы қорғаныс пен шабуылдаушы қарулар арасында жалған айырмашылық болды. Бұл кейбіреулерге уақытты созуға сылтау еді. Ол заман өтті. НАТО-дағы одақтастар енді біздің Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізіп жатқанымызды анық біледі. Бұл арсенал украиндықтарға Ресейдің соңғы бастамасын тоқтатып, территориялық тұтастығын қалпына келтіру үшін қажет.
Арыстан Рысбек