Приднестровьеде жарылыстар болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Приднестровьеде жарылыстар болды

27.04.2022

Молдовадан да маза кете бастады. Бұл посткеңестік республиканың Приднестровье сепаратистік аймағында бірнеше рет шабуыл жасалды. Жарылыстардан орыс тілінде хабар тарататын радионың екі мұнарасы зақымданып, әскери бөлімшелдерге оқ жаудырылған. Алайда, Украина бұның бәрін Ресей Приднестровьедегі жағдай қиындайтын болса, Молдоваға басып кіретінін ескерту үшін әдейі ұйымдастырды деп мәлімдеді. Алайда, Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеудің мұндай сценарийге жол бергісі келмейтінін ескертті.

Бұл өлке 1992 жылғы соғыстан соң Молдоводан біржақты түрде тәуелсіздік жариялады. Содан кейін оған Ресейдің бітімгер әскері шоғырландырылды.

Молдова президентінің сөзінше, Приднестровьедегі шиеленіске соғысқа жақтастар да кінәлі болуы мүмкін.

Майя Санду, Молдова президенті:

Қолдағы бар ақпаратқа сәйкес, шиеленіс Приднестровье аймағындағы соғысты қалайтын және жағдайды тұрақсыздандыруға мүдделі топтардан туындап отыр. Бұндай ахуал Молдова үшін қауіпті. Өйткені, Приднестровье іс жүзінде Кишиневқа бағынбаса да - Молдованың территориясы және онда біздің азаматтарымыз тұрып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу