Қытайда құс тұмауы: Вирус алғаш рет адамға жұққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда құс тұмауы: Вирус алғаш рет адамға жұққан

27.04.2022

Қытайда құс тұмауының Н3N8 штамы алғаш рет адамнан анықталды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік органы хабарлады. Вирус елдің Хэнан провинциясында төрт жасар баладан табылған. Бүлдіршінге індет ауладағы үй құстарынан немесе жабайы үйректерден жұққан болуы мүмкін. Негізінен құс тұмауының Н3N8 штаммы жылқыларда, иттерде, құс еті мен итбалықтарда кездеседі. Алайда аталған вирус бұрын соңды адамнан табылмаған еді.     

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу