Қызылордалықтар әлеуметтік дүкендерден қант алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалықтар әлеуметтік дүкендерден қант алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр

28.04.2022

Қызылордада тұрғындар әлеуметтік дүкендерден қант алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Қантқа қолы жетпеген жұрт жағдайды ғаламторға жүктеп, базынасын жеткізген.

Жалпы қала бойынша 30-дан астам әлеуметтік дүкен бар. Соның әр қайсына күнделікті бір қап қана қант түседі, дейді көпшілік. Оның өзі бір адамға бір келіден ғана беріледі. Бұл дүкендерде шекердің келісі 263 теңге болса, басқа сауда орындарында 500 теңгеден сатылады. Сондықтан, жұрт таң атқаннан кезекке тұрып, жанталасады. Тіпті, 5 сағаттап күтіп, шекер ала алмай қайтатындар да бар.


Хабарламаларға жазылу