Петропавлда жетімдерді баспана кезегінен заңсыз алып тастау фактісі анықталды. Қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде арнайы тексеріс жүргізген прокуратура осындай 49 деректі анықтаған. Құзырлы орган өкілдері жауапты тұлғалар заң бойынша жазаланатынын жеткізді. Петропавлда 15 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Оның 1800-і жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жандар. Биыл олардың 120-сын баспанамен қамту жоспарланған.
Қайсар Әбішев, қала прокурорының орынбасары:
2021 жылдан баспана кезегіне тұру үшін республикалық жүйеде тіркелу қажет. Ақпаратты жергілікті платформадан көшіргенде техникалық қателік болып, кейбір адамдардың аты-жөні тізімнен шығып қалған. Тексерістен кейін олардың барлығы бұрынғы тәртіппен кезекке қайта қойылды.