Елде Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есе артуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есе артуы мүмкін

28.04.2022

Елде Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есе артуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мамандары 10 млрд 400 млн теңгеге жаңа жоба басталғалы жатқанын хабарлады. Енді Ақтау портында контейнерлік хаб құрылады. Сол арқылы жүкті өткізуге арналған терминал, қайта тиеуге мүмкіндік беретін кешен салынады. Жоба іске асса, 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы Ақтау, Құрық, Баку, Батуми секілді порттар Транскаспийге қарай 7 млн тоннаны бағыттай алады. Ал Қазақстанның теңіз порты жылына шамамен 27 млн тонна жүкті тасымалдай алады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу