Каспий құбыр консорциумына керісінше біраз шығын келетін сияқты. Оған 32 млрд теңге айыппұл салынды. Арбитраждық сот Табиғатты пайдалану саласын қадағалау жөніндегі федералды қызметтің барлық талабын қанағаттандырған. Олар консорциум Новороссийск маңындағы мұнай төгілуінен келген шығынды өз еркімен өтеуден бас тартқанын айтады. Сондықтан бұл ақшаны сот арқылы өндіруге көшкен. Алайда Каспий құбыр консорциумы федералды қызметтің есебімен келіспейді. Оқиға былтыр тамызда танкерге мұнай айдау кезінде болған. Ресей қадағалау қызметі 384 тонна шикізат төгілгенін айтады. Ал консорциум 69 тоннадан артық мұнайдың төгілуі мүмкін емес деп отыр.
Ақерке Бектас