Еліміздегі 56 ұйымның қаржы пирамидасына қатысуы болуы мүмкін. Сондай-ақ, 65 жалған брокер анықталды. Күдікті компания мен заңсыз делдалдардың тізімі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында жарияланды. Агенттікте алаяқтық және қаржы пирамидалармен күрес үшін ведомство-аралық жұмыс тобы құрылған. Ұлттық банк, прокуратура, полиция және басқа да құзырлы орган өкілдері бірлесіп жұмыс істейді. Олар халық арасында қаржылық сауаттылық жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл үшін арнайы медиа-жоспар да әзірлеген. Интернеттегі алаяқтарға алданбау жолдары оқушылар мен студенттерге де үйретіледі.
Берік Көшербай