Ассамблея Ұлттық құрылтаймен қоян-қолтық жұмыс істеуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ассамблея Ұлттық құрылтаймен қоян-қолтық жұмыс істеуі керек

29.04.2022

Ассамблея Ұлттық құрылтаймен қоян қолтық жұмыс істеуі керек. Себебі, олардың мақсаты ортақ, мүддесі бір. Бір айдан соң құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Ол қоғамдағы өткір, өзекті мәселелерді шешетін жалпыұлттық, әмбебап диалог алаңына айналуы тиіс. Бұл ауқымды өзгерістерге жастардың белсенділік танытқаны абзал.

Елде түрлі саяси реформаларға өзгерістер енгізілгенімен әуелгі принцип татулық пен тұрақтылық. Ел дамуының негізігі бағыты осы екі ұстыннан жаңылмайды. Ал күрделі өзгерістерге қазақстандықтар қолдау көрсетуге дайын.

Максим Споткай, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:

Реформаларды талқылау, реформаларды насихаттау, реформаларды іске асыру жолында өте белсенді болу керек деді. Сондықтан біз осы жұмысқа дайынбыз. Бүгінгі ең басты жаңалықтардың бірі – конститутциядағы өзгерістерді референдум арқылы енгіземіз. Бұл өте үлкен маңызды саяси шешім.

Маңызды өзгерістер жасауда – халық пікірі ескеріледі. Жалпыұлттық реферундм - демократияның айқын көрінісі.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бүкіл халықтың референдум арқылы қабылдау қисынды және маңызды. тарихи шешім болды деп айтуға болады. 30-дан артық өзгерістер күтіп тұр.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Бұл ата заңда көрсетілген. Бірақ өзге тілге де құрметпен қарау шарт. Әрі өзге этностардың ел дамуына қосып жатқан үлесін қазақ тілінде насихаттайтын ақпарат құралдарына қолдау ерекше болады. Президент бүгін осыған ерекше тоқталды.

Асылы Осман, ақын, қоғам қайраткері:

Түріне де түсіне де, сөзіне де қарамау керек. біз бірегейлік болуымыз керек. Бәрімізді бірегейлікке ұйыстыратын ол тіл. Сіз қай елде болсаңызда сол елдің тілі бірінші орында болу керек.

Ұлттық құрылтай – жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделі. Онда елді дамытудың өзекті өткір мәселелері талқыланады. Сондықтан бұған бүкіл қоғам болып жұмылуы тиіс.

Бекзат Алтынбек, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:

Жалпы біз еркін елміз. Біз тәуелсіз елміз. Біз көпұлтты мемлекетпіз. Сондықтан мұндағы әрбір өмір сүріп жатқан Қазақстан халқы өзіңе ыңғайлы, бақытты ғұмыр кешу үшін бар жағдай жасалу керек. Бұл, сіз бен біз ансап отырған нағыз әділетті Қазақстан, жаңа Қазақстанның формуласына айналатын қағидаттар деп есептеймін.

Жанар Темірбекова, Қожа Ахмет Йасауи атындағы халықаралық түркі университетінің ректоры:

Ең негізгісі халықтың билікке деген сенімі. Бұл сенім болса, реформалрға сенім болады. Сенімнің қалыптасуы әділеттілік, ашықтылық және меротократия принціпі. Меротократия принціпі арқылы қоғамда әділеттілік қалыптасады. Бұл біздің қоғамға керек.

Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Саяси өзгерістер – тұтас елдің өзгеруіне жол ашады. Бастысы бұл бастамалар халықтың әл ауқатын арттыру үшін жасалып жатыр. Ал ассамблея – ауқымы кең институт. Бұл тұрғыда белсене ат салысуы тиіс.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу