«Ата-заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Бұл мақсатқа жету үшін биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі қоғам сенімін күшейтеді», - дейді тұрғындар.
– Референдумды қолдаймын, бұл халықтың көптен күтіп жүрген жағдайы еді. Себебі демократия осыдан көрініс табады деп есептеймін.
– Ата заңымызға референдум арқылы өзгерістер енгізу керек екендігін қолдаймын. Өйткені халық арасында дұрыс пікір, дұрыс әрекет болуы үшін әрбір заңымызды халық өзі қабылдау керек деп ойлаймын.
– Санасу керек, әрине, соны айтып тұрмын, мен келісемін.