Елімізге жаңа мұнай кен орындары қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге жаңа мұнай кен орындары қажет

03.05.2022

Елімізге жаңа мұнай кен орындары қажет. Сондықтан алдағы 10 жылда 2 мың шаршы шақырым жерде геологиялық барлау жұмыстары жүріп, 50-ден астам ұңғыманы бұрғылау көзделген. Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі еліміздегі қорлар сарқылып, кен орындарында өндіріс көлемі азайып жатқандығын хабарлаған еді. Сондықтан геологиялық зерттеулерді жандандыру үшін 2021-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленген. Онда әсіресе мұнай іздеуге басымдық беріліп отыр.  

Хабарламаларға жазылу