Ресей күштері Украинаның Львов, Одесса, Киев тәрізді бірқатар облысындағы теміржол инфрақұрылымы нысандарына зымырандармен соққы берді. Украина әскерилері ракеталардың жартысын атып құлатқан. Дегенмен пойыз қатынасы тоқтады. Львов қаласында 3 бірдей қосалқы электр станциясы зақымданды. Кейбір мәліметтерге сай, Донецк облысында әуе соққысынан 21 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Олардың 10-ы - Авдеев кокс өндіру зауытына жасалған авиациялық соққыдан оққа ұшты. Ал БҰҰ-ның соңғы дерегі бойынша Украинадағы қарулы қақтығыстан 3 мыңнан астам бейбіт тұрғын мерт болған. Олардың 227-сі - бала. 3535 адам жараланды. Тағы бір мәлімет. Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Макрон Путинді Украинадағы «басқыншылықты» тоқтатуға шақырған.
Арай Төлегенқызы