Екібастұздық 8 жасар жасөспірім өз бетімен Шымкентке баратын пойызға мініп кеткен. Ата-анасының айтуынша, бала далаға ойнаймын деп шыққан. Ал, бір сағаттан соң таба алмай қалған. Сөйтіп полицияға хабар береді. Дабыл қағылып, жедел іздестіру шарасы жарияланғаннан кейін темір жолдағы желілік полиция жалғыз кетіп бара жатқан жолаушыны кеншілер қаласынан 70 шақырым жердегі Шідерті станциясынан түсіріп алып, үйіне қайтарды. Қазір жападан жалғыз жасөспірімнің вокзалға неліктен барғаны, ата-анасыз, билетсіз поездға қалай мінгені жан-жақты тексеріліп жатыр