Әскери қақтығыс: Ресей күштері 6 теміржол станциясына соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қақтығыс: Ресей күштері 6 теміржол станциясына соққы берді

04.05.2022

Украинаға ойыссақ. Украинаның шығысында қиянкескі ұрыс жалғасып жатыр. Ресей күштері елдің алты облысындағы теміржол станциясына соққы берді. Елдің батысын қайта шабуылдап, Львов қаласында 3 қосалқы электр станциясын зақымдады. Харковь қаласына түнімен артиллерия мен минометтерден оқ борады. Ресей әскері Мариупольге авиациялық соққы беруді тоқтатпай, Украина қарулы күштерінің «Азовсталь» маңындағы бекіністерін атқылады. Британиялық барлаушылардың дерегіне сай, Ресей әскері Краматорск пен Северодонецкіге шабуыл жасау үшін Изюм қаласы маңында топтасып жатыр.

Сонымен бірге бүгін Еуропа Одағы Ресейдің мұнай индустриясына жаңа санкциялар легін жариялап, экономикалық қысымды арттырмақ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу