Тараздағы Шөлдала ауылының тұрғындары жер телімдерін тіркей алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы Шөлдала ауылының тұрғындары жер телімдерін тіркей алмай жүр

04.05.2022

Тараздағы Шөлдала ауылының тұрғындары жерлерін даулап жүр. Елді мекен 10 жыл бұрын қала құрамына өтсе де жұрт әлі күнге өздеріне тиесілі телімдерінің құжатын алмаған. Бүгінде шаһарға қарайтын Құмшағал, Шөлдала алқаптарында 28 саяжай бар десек, олардың 23-інде тұратын елдің уайымы бір. Олар телімдерін саяжай статусынан алқапқа ауыстыра алмай әуре.

Зағипа Төлегенова, қала тұрғыны:

10 соттық менікі 2 бөлмелі, 1 дәлізді болды. Қайта маған көмектесудің орнына міне үйлеріңді алып қоямыз деп біздерге қоқан-лоқы көрсетіп отыр. Халқымыз қайда, әкіміміз қайда қарап отырған, заң қайда?

23 саяжайда 5 мыңға жуық жер телімі бар десек, оның 150-ден астамының иелері жерді құжатсыз, тек саяжай кітапшасы арқылы пайлаланып жүр. Ал 400-ге тарта телімнің қожайыны хабарсыз кетіп, жерлері қараусыз қалған. Сондықтан алқап болуы үшін алдымен инфрақұрылым жүргізу қажет. Онда құжаттары қайта қаралады. Заңға қайшы жағдайлар болса тек сот арқылы шешіледі. Бұл заңды зерделеу жұмыстары, дейді қала әкімі.

Ержан Жылқыбаев, Тараз қаласының әкімі:

Мен қаланың әкімі ретінде комиссия құрамын. Бұрын сол 10 жыл бұрын, 5 жыл бұрын бізге қалаға қосылмай тұрып соғылып кеткен үйлер болса, оны біз саяжай негізінде заңдастыруға көмектесеміз. Себебі 10 жыл бұрын алдыңыз, тұрып жатсыз, жеке-жеке осы мәселені қараймыз. Жарай ма, ештеңеден үрей жасаудың керегі жоқ.


Хабарламаларға жазылу