Еуроодақ елдері Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін жариялап жатыр. «Ресей мұнайынан жарты жылда, ал мұнай өнімдерінен жыл соңына дейін бас тартуды ұсынамыз»- деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен. Ресей мұнайына эмбарго жариялау арқылы Батыс елдері Мәскеуді бейбітшілікке мәжбүрлеуді көздейді. Айта кетсек, мұнай-газ саласы Ресейдің бюджеттік кірісінің жартысын қамтамасыз етеді. Бұл елге қарсы санкциялардың алтыншы легіне «Сбербанкті» SWIFT жүйесінен ажырату, ресейлік үш телеарнаның хабар таратуына тыйым салу кіреді. Жаңа шектеулердің мән-жайы кейін толық жария етілмек.
Арай Төлегенқызы