Қазақтың бір туар қайраткерінің есімін иеленген Қонаев қаласы қайта түлей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың бір туар қайраткерінің есімін иеленген Қонаев қаласы қайта түлей бастады

04.05.2022

Қазақтың бір туар қайраткерінің есімін иеленген Қонаев қаласы қайта түлей бастады. Президент жарлығынан кейін шаһарда мекеме атаулары өзгертіліп, абаттаныдыру жұмыстары қыза түсті. Алматы облысының орталығын көркейтуге арналған жоспар да дайын. 

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Шаһардың атауы ресми түрде өзгерді. Оның дәлелі міне. Жергілікті тұрғындар бұл жаңалықты жақсылықтың жаршысы деп қабылдап жатыр. Олар енді қалада оң өзгерістер орын алатынан сенеді.

Өзгерісті жақсылыққа балап, төбесі көкке жеткендердің бірі - Жаскен Мысаев. Ақжолтай ақпаратты ести салысымен қала тұрғыны жүрекжарды өлеңін де арнады.

Жаскен Мысаев, Қонаев қаласының тұрғыны:
Қаламызға Қоневтың аты берілуі бұл қуаныш, жақсылықтың нышаны.

Қаладағы білім беру ошақтары да президент бастамасын қолдап, мектеп бағдарламасына ұлы тұлғаның өмірі мен қызмет жолын баяндайтын “Қонаевтану” пәнін енгізуді ұсынып отыр.

Жібек Бәкенова, мұғалім:
Осындай ұлы тұлғалардың халыққа сіңген еңбегін ұлықтау мақсатында Қонаев туралы жаңа пән енгізсек па деген ойымыз бар. Бұл біздер үшін, халқымыздың болашағы үшін үлкен маңызды.

Мектептерде қазірден бастап Дінмұхаммед Ахметұлы жайлы сабақтар өтіп жатыр. Бастауыш сыныптың оқушыларына дейін ұлы тұлға жайлы мәліметке қанық.

Әсет Әділхан, оқушы:
Мен Қонаев атамды үлгі тұтамын. Ер жеткенде Қонаев атамыз секілді елге еңбек сіңіргім келеді.

Президент жарлығы шығысымен шаһар әкімдігі білек сыбана жұмысқа кіріскен. Қазір мемлекеттік мекемелердің атаулары мен жол бойындағы белгілер ауыстырылып жатыр.

Нұрлан Құматаев, Қонаев қаласының әкімі:
Мемлекеттік мекеме өзінің маңдайшасындағы атауын өзгертті. Одан кейін қалада алты жерде “Қапшағай” қаласы деген жазудың барлығын біз ауыстырдық. Одан кейін мына Алматы-Өскемен күре жолының бойындағы 8 жерде бар. Оның бәрін біз өзгертіп іліп қойдық.

Қазір қала абаттандырылып жатыр. Жыл соңына дейін тұрғын үйлер салынып, инфрақұрылым толықтай жаңартылмақ. Оған мемлекеттен қаражат бөлініп, жобалық құжаттары әзірленген.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу