Еуропа одағы Ресей мұнайын сатып алуға толық тыйым салуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы Ресей мұнайын сатып алуға толық тыйым салуды ұсынды

05.05.2022

Еуропа одағы Ресей мұнайын сатып алуға толық тыйым салуды ұсынды. Мұны Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мәлімдеп отыр. Оның сөзінше, бұл эмбаргоның мақсаты – Мәскеуге қысымды мейлінше күшейту.

Еуропа одағы Ресейдің энергетикалық шикізатын импорттауды жарты жылда тоқтату мәселесін қарастырып жатыр. Алайда, Венгрия бұл идеяны мүлде құптамаса, Чехия мен Словакия көмірсутегін өзге елдерден алу үшін өтпелі кезең қажет, дейді.

Тағы бір айта кетерлігі, Еуропа одағы 2022 жылдың соңына дейін Ресейден газ сатып алуды айтарлықтай қысқартайын деп отыр.

Қазір бұл одақ өзіне қажетті мұнайдың 25 пайызын, көгілдір отынның 40 пайызын Ресейден импорттап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу