Шымкентте ерлі-зайыпты қарияларды соққыға жыққан полиция қызметкері жұмыстан қуылды. Жәбірленушілердің айтуынша, тәртіп сақшысы оларды алдымен балағаттап, кейіннен өз пәтерінде аяусыз ұрып соққан. Оқиға биыл ақпан айында болған. Зейнеткерлер сол кезде полицейдің үстінен сотқа арыз берген. Алайда жазаға тартылудан жалтарған полицей қарияларды қорқытып шағымын қайта алдыртқан. Қариялардың қорғаушысы прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне шағым жазғанымен, құзырлы органдар ешқандай әрекет жасамаған. Әкімшілік істер бойынша сот та тараптардың татуласуына байланысты істі қысқартып жіберген.
Ғани Қалмаханов