Израильдің Элад қаласында тәуелсіздік мерекесі күні шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдің Элад қаласында тәуелсіздік мерекесі күні шабуыл жасалды

06.05.2022

Израильдің Элад қаласында тәуелсіздік мерекесі күні шабуыл жасалды. Одан үш адам қаза тауып, екеуі жараланған. Қылмыскерлер балтамен шабуылдап, оқиға орнынан ізін суытып үлгерді. Полиция оқиғаға палестиналықтар жауапты деп мәлімдеді. Дегенмен шабуылды ешкім өз мойнына алған жоқ. Соңғы кездері Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс жиілеп кетті. Өткен айда «әл-Ақса» мешітінде палестиналықтар мен Израиль полициясы осындай оқиғалар апта сайын қайталанған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу