Алматыда жанғыш сұйықтық сақталған кәсіпорында шыққан өртке қатысты ішкі тергеу басталды. Өндірістік мекемеде арнайы комиссия құрылып, қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт сөндірушілердің алдын-ала болжамы бойынша от қазандыққа қажетті сұйық отын тиелген жүк көлігінен шыққан. Тексеру жұмыстары заңға сәйкес 15 жұмыс күні ішінде аяқталуы тиіс. 4 мамыр күні кешке шаһардағы қоймалардың бірінде өрт шығып, жүк көлігіндегі автоцистерна жарылғанын еске сала кетейін. Қызыл жалын қаланың әр бұрышынан көрінді. Сондай-ақ, темір жолда тұрған екі цистернаны да өрт шарпып, ішіндегі жағармай жанып кеткен.