Байден Украинаға қару экспортын жеңілдететін «Ленд-лиз» заңына қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Украинаға қару экспортын жеңілдететін «Ленд-лиз» заңына қол қойды

11.05.2022

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қару экспортын жеңілдететін және тездететін «ленд-лиз» заңына қол қойды. Бұндай құжат Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмді талқандауға көмектесті.

Қайта жанданған «Ленд-лизге» сәйкес, Киев Құрама Штаттардан алған әскери техниканың құнын кейін өтей алады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Байденнің бұл шешімі америкалық арсеналды Украина үкіметіне іс жүзінде табыстауды білдіреді. «Мен қол қойған заң елі мен демократияны қорғап жатқан Украина халқына көмектесу жолындағы маңызды құрал», - дейді Ақ үй басшысы.

Сонымен қатар, Байден Конгрестен Украинаға 33 миллиард доллар сұраған еді. Дүйсенбі күні парламенттегі демократтар сол жәрдемнің көлемін 40 миллиард долларға жеткізуге уағдаласты. Бұл қаражат Украинаны әскери және гуманитарлық тұрғыдан қолдауға жұмсалуы керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу