Шымкент қаласында экскаватор жүргізушісінің кесірінен 2 мың 200-дей үй, 20 коммуналды-тұрмыстық мекеме мен мектеп газсыз қалды. Кеше түнде экскаватор жер қазып жатқан кезде орта қысымдағы газ құбырын тесіп жіберген. Салдарынан диаметрі 160 миллиметр болатын желіде сіріңке қорабаның көлеміндей аумақ зақымданған. Құтқару тобы жедел қимылдап, сыртқа атқылап жатқан газды тоқтатты. Қазір газ құбыры ауыстырылып жатыр.
Ғани Қалмаханов