Төрт қабатты тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып, бірнеше жыл бұрын ғана пайдалануға берілген. Қазірдің өзінде сыртқы сылақтары құлап, суағарлары жарамсыз күйге түскен. Екі тәулік бойы соққан желге үйдің төбесі де шыдас бермеді. Абырой болғанда шатыр көлік жоқ жерге құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдікке хабарласқанымызбен ешкім келмеді дейді тұрғындар.
Жақсыбек Кемал