Қарызды да сатып алуға болады. Заңды тұлғалардың банк алдындағы берешегін өтеп, кепілдегі мүлкін қайта іске қосуға мүмкіндік жасалады. Мәжілісте стрестік активтерді экономикалық айналымға шығаратын заң жобасы қабылданды. Енді инвесторлар тұралап қалған өндірісті қаржы құйып қайта түлете алады. Сатып алушыларға шектеу жоқ. Тек шетелдік болса, қарызы төленген нысанды сенімгерлік басқаруға беруі міндет. Осыны реттейтін арнайы агенттікке қарасты сервистік компаниялар құрылады. Оларға да талап қатал. Аталған жұмысты атқару үшін жарғылық капитал жоғары болады. 100 млн теңге. Қазір елімізде қаржы институттарына 2,3 трлн теңге қарыз бар. Соның тең жартысын инвесторлар игере алады.
Нысаналы Ығыл