Елімізде 62 ерекше бала онлайн-мектепте дәріс оқыды. Алты ай ішінде балалардың қабілетін анықтау, олардың цифрлық білімдерін арттыруға баса көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай балалар назардан тыс қалмауы керек.
Сондай-ақ 4 сала бойынша білім алған оқушылармен алдағы уақытта да тығыз жұмыс істеп, болашақ мамандық таңдауда көмек көрсетіледі. Ата-аналарымен бірге қатысқан жобада, жасөспірімдерге арнайы сертификат тапсырылып, көрме ұйымдастырылды.
Әсемгүл Нәбиқызы, ата-ана:
Біздің балалар ешқайда шықпайды, үйде отырады. Ал мұндай жерде, бір-бірімен танысады, үйренеді. Ата-ана ретінде мен баламды үнемі әр жерге қатыстырып жүремін. Мұндай жобалар көп болса екен.