Алматыда нөсер жауынның салдарынан аулалар мен жертөлелерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда нөсер жауынның салдарынан аулалар мен жертөлелерді су басты

11.05.2022

Алматыда нөсер жауып, көшелер мен аулаларды су басты. Жаңбыр суы тіпті көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесіне де кірген. Қазір қалада ұзын-сонар көлік кептелісі қалыптасқан. Әсіресе Абай даңғылында қозғалыс қиындады. Жер асты жаяу жүргіншілер өткелі мен аялдамалар, ірі сауда орындарының автотұрақтары да суға толып жатыр. Қала әкімдігі тасқынды болдырмау мақсатында көшелердегі суды сордыруға 600 адамнан құралған мобильді бригада мен 250 техниканы жұмылдырған. Сондай-ақ екі мың қап құм да әзірленді. Мамандардың айтуынша, құтқару қызметіне аулалары мен жертөлесін су басқан 30-ға жуық тұрғын хабарласқан. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Алматыда дәл осындай ауа райы сақталады. Тіпті екіпіні күшті жел соғып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу