Киев Азовстальдағы әскерилерді шығару туралы ұсыныс жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киев Азовстальдағы әскерилерді шығару туралы ұсыныс жасады

12.05.2022

Украина Азовсталь зауытындағы сарбаздарын ресейлік тұтқындарға айырбастауға ұсыныс жасады. Бұл туралы осы елдің вице-премьері Ирина Верещук мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина жауынгерлерін зауыт аумағынан гуманитарлық дәліз арқылы Украина бақылауындағы елдімекендерге көшіруді ұсынады. Бұған айырбас ретінде Киев Мәскеуге ресейлік әскери тұтқындарды беруге дайын. Әзірге, Ресей тарапы бұған жауап берген жоқ. Жалпы, BBC-дің мәліметінше, Украинаның Херсон және Николаев облысындағы майдан шебінде ұрыс жалғасып жатыр. Ресейлік күштер алға жылжуда қиындықтарға тап болған. Тағы бір мәліметке сай, Украина ұлттық гвардиясы әскери қақтығыс басталғалы 501 әскерінен айырылып, 1600-ден астамы жараланған. Айта кетсек, ұлттық гвардияда бас-аяғы 60 мыңдай адам қызмет етеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу