Павлодарда «Amanat» партиясының өкілдері дәрігерлермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Amanat» партиясының өкілдері дәрігерлермен кездесті

12.05.2022

«Amanat» партиясының өкілдері Павлодарда медицина қызметкерлерімен кездесті. Облыстық кардиорталықта 90 ға тарта адам бір мезгілде ем қабылдай алады. Мекеме заманауи құралдармен жабдықталған. Дәрі-дәрмекпен қамту бойынша да арыз, шағым жоқ. Ұжыммен кездесуде көпшілік жалпыхалықтық реферндумға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Депутаттар Ата заңңың 33 бабына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндірді. Конституциядағы өзгертулерді Парламентте емес, халықтың таңдауына салу ұтқыр шешім. Бұл әділетті мемлекет құрудағы маңызды қадам дейді медицина қызметкерлері.
Вера Ким,   ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Референдум әр қазақстандыққа жеке таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің басты құқықтық құжатын тұрғындардың өздері қабылдайды. Маңыздылығы сонда жатыр. Дауыс беру арқылы халық өз болашағын өзі шешпек.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу