Бразилияда инфляция 1996 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда инфляция 1996 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейге жетті

12.05.2022

Соңғы 12 айда бұл көрсеткіш 12 пайыздан асқан. Осыған орай елдің орталық банкі базалық мөлшерлемені қатарынан 10 рет көтерді. Бразилияда жанар-жағармай бағасы бір айда 3,2 пайызға, азық-түлік, көлікте жүру ақысы, тұрмыстық бұйымдар 2 пайызға қымбаттаған. Елдің экономика министрлігі жоғары инфляцияның ықпалын жеңілдету үшін жекелеген өнімдерге импорттық тарифтерді төмендетенін мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу