19 шілдеде Қытайдың Сиань қаласынан бастау алған «Ұлы Жібек жолымен» атты халықаралық экспедиция елімізге жетті.
16 жол талғамайтын көлік, 15 мың шақырым, 8 мемлекет. Экспедиция мүшелерінің басым бөлігі - Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Қазақстанның 3 облысы мен Алматы қаласынан кейін автокеруен Өзбекстанға, Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Еуропа елдеріне барады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ