Астанада Хиросима мен Ногосаки қалаларындағы атомдық бомбалау құрбандарын еске алу көрмесі ашылды.
Көрмеге сол кездердегі зардап шеккендер және қираған қалалар туралы естеліктер мен фотолар қойылған.
Жапониядан келген арнайы өкілдер бомбалаудың қасіреті мен салдары туралы әңгімеледі.
«Тәуелсіздік» сарайында ашылған көрмені Астана тұрғындары мен қонақтары тамыздың 6-ы мен 25-і аралығында тамашалай алады.
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ