Ұлттық банктің хабарлауына қарай, елдегі ломбардтардың табысы 38 млрд теңгеден асты. Жалпы кіріс 151 млрд теңгеге жеткен. Оның көбі шығынды өтеуге жұмсалған. Ұлттық банк микроқаржы ұйымдарының кірісін де жариялады. Былтыр олар 323 млрд теңге тапқан. Олар табысын сыйақы мөлшерлемесін алу арқылы көбейткен. Еске салайық, азаматтарды алдап, ақша табатын ломбардтар күрт көбейген соң былтыр олар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өтуге міндеттелген. Сонымен бірге заңды жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдар тізімі де агенттік сайтында тіркелген.
Ақерке Бектас