Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды тонауға қатысқан екі адамға сот үкімі шықты. Түрксіб аудандық соты екі адамды кінәлі деп тауып, 6 айдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Олар 6 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде әуежай қоймасын тонаған. Екі азамат екі үлкен сөмке, иіс сулар, шарап және киімдерді қолды еткен. Сот шешімімен зардап шегушіге 544 мың теңге материалдық шығын келгені анықталды. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, шығынды иесіне толық өтеп берген.