Елордалық кәсіпкерлер жекеменшік балабақшаларды лицензиялауға қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық кәсіпкерлер жекеменшік балабақшаларды лицензиялауға қарсы

13.05.2022

Бүгін олар Білім және ғылым министрлігінің бастамасына қарсылық білдіріп, баспасөз брифингін өткізді. Олар бұл жаңалық қызметтің сапасын бақылауға әсер етпейді. Керісінше, қосымша кедергі келтіріп, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың жабылуына және балабақшалардың жасырын жұмыс істеуіне әкелетінін айтады.

Сондай-ақ, «лицензиялау жеке балабақшалар көрсететін қызметтердің сапасын бақылауына кепілдік бере алмайды» дейді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев «лицензиялауды енгізу, шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер ететінін және салада сыбайлас жемқорлықты арттыратынын» айтты.

Бейсен Жолболдиев, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:
Лизенцияны енгізуге болмайды. Өйткені бұл қосымша кедергі мен жемқорлыққа алып келеді. Лицензияны енізетін болса, құжаттарды қайта тексеріп, оны тапсыру керек. Олар тиісті шығындарға алып келеді.


Хабарламаларға жазылу