Сурдлимпиада ойындары: Фархад Қыстаубаев алтын медаль алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сурдлимпиада ойындары: Фархад Қыстаубаев алтын медаль алды

14.05.2022

Сурдлимпиада ойындарында жерлесіміз Фархад Қыстаубаев алтын медальға ие болды.

Жарыстың 12-күнінде Қазақстан жеңіл атлеттері он сайыстың қорытындысы бойынша 5400 ұпай жинап, Фархад тұғыр биігінен көрінді. Бұл жерлесіміз үшін осы сайыстағы екінші медаль. Бұған дейін ол кедергілер арқылы 110 метрге жүгіруден қола жүлдегер атанған.


Хабарламаларға жазылу