33 жастағы қала тұрғынының араққа тойып алғаны белгілі болды. Ол шаһардың орталығындағы кәсіпкерлік нысанына кіруге әрекеттенген. Қаруын бірнеше рет оқтағанымен, шүріппені баспаған. Полицияға да қарсылық көрсетпей бірден сабасына түскен. Қазір медициналық айықтырғышта отыр. Ал, аңшы мылтығы мен екі оғы баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ер адамның ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.
Болат Аманбаев