Ақтөбедегі екі күн бойы тоқтаусыз жауған нөсерден бірнеше ғимаратқа залал келді. Облыстық балалар ауруханасы мен сауда дүкенінің төбесінен су сорғалап, жұртты әбігерге салды. Сондай-ақ, бүгін екі мектептің балалары онлайн оқуға жіберілді. Жол ми батпақ болғандықтан автобус бара алмаған.
Гүлнәз Мырзағалиева, Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:
«34 оқушы 76-сыншы мектептің, Бекқұл баба-1 және 2 тұрғын үй алабына қатынайтын балалар қашықтан оқытуға көшірілді. Таңғы уақытта номері үшінші мектепте электр жарығының өшуіне байланысты қашықтан оқуға рұқсат берілді».
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, су соруға 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Ал, синоптиктер «мамыр айы соңына дейін өңірде жауын-шашын болады», - дейді.
Қуаныш Қанатұлы