Шығыс Қазақстанда бала тасымалдау ережесін бұзған 700-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда бала тасымалдау ережесін бұзған 700-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

17.05.2022

Шығыс Қазақстанда бала тасымалдау ережесін бұзған 717 жүргізуші жауапқа тартылды. Өңірде тәртіп сақшылары 25 сәуірден бастап «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр.

Мақсат – балаларға қатысты жол апатының алдын алу, оқушылардың жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекіту. Полицейлер оқушыларға арнайы жадынамалар мен нұсқаулықтар таратты. Әр мектепте қозғалыс қауіпсіздігі бұрыштары қойылған. Сондай-ақ, жол полициясы бөлімшелерінің посттары оқу орындарына барынша жақын орналастырылды. Департамент қызметкерлері өңір тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырады.


Хабарламаларға жазылу